қаз | рус | eng

   
 Негізгі бет Жаңалықтар Менің қалам
Байланыстар Iздеу  
  
  
 
Қазақстанның мемлекеттік рәміздері
Мерекелеу тұжырымдамасы
Мереке картасы
Әкімдік анықтамалығы
Фотогалерея
Астана радиосы
Астана анықтамалығы
Баспасөз-орталығы
Астана жылнама
Қонақ кітабы


Мерейтой порталы

Астананың 10 жылдық мерейтойына арналған
салтанаттың қонақтарына, қатысушыларына
және ұйымдастырушыларына

Құрметті достар!

    Баршамыздың ортақ қуанышымыз – Астананың 10 жылдық мерейтойына қош келдіңіздер!

    Астананың тарихы тәуелсіз Қазақстанның жылнамасына алтын әріптермен жазылатыны анық. Елорданы көшіру туралы шешім алмағайып, қиын кезеңде қабылданғаны белгілі. Бірақ біз Отанымыздың ұзақ мерзімді, стратегиялық мүдделерін ескеріп, жауапкершілікті өз мойнымызға алдық.

    Елорданың көшірілуі мемлекетіміздің әрі қарай дамуы үшін үлкен серпін болды. Астана жаңа Қазақстанның саяси, экономикалық, мәдени өмірінің орталығына айналды. Бүгінде жаңа елорда инвестициялар мен жаңа технологиялардың ғана мекені емес. Астана – қарапайым адамдардың, олардың ақылы мен жүрегінің ұясы, ұйытқысы.  әрі...

Құрметті достар!

   Бұл сайт Қазақстанның елордасы - Астананың 10 жылдығына арналып отыр.

   Осынау жүзжылдық халықаралық деңгейдегі түрлі оқиғалармен әсіресе, дүниежүзі картасында жаңа мемлекеттер мен мемлекетаралық бірлестіктердің пайда болуымен ерекшеленеді.

   Алайда, қазақстандықтар үшін ХХ ғасыр үміттер мен армандардың орындалған кезі болды. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізіп, мемлекет тарихында тұңғыш рет бас қаласының орнын анықтады. 1997 жылдан бері 51 градус 10 минут солтүстік ендік пен 71 градус 30 минут шығыс бойлық – жай ғана Еуразияның жүрегі боп қалмады, бұл енді біздің Астанамыз.

  әрі...

Көшпенділер өркениеті дәстүрі –қазақтардың рухани діңгегі

Қазіргі заман санқырлы әрі алуан түрлі болып келеді. Бұған географиялық шекараның кеңеюі мен ашықтықтығына септік еткен жаһандану, жаңа ақпараттық технологияның да әсері бар. Тіпті өркениеттен жырақта орналасқан мемлекеттер өз мәдениеті мен тысқары саясатқа да белгілі бір дәрежедегі ықпалын сезінеді. 

  әрі...

Сан-Францискодан келген суретші
     Сан-Францискодан келген суретші әлем елдеріне сан мәрте сапар шеккен. Ол Жапония,  Гватемала, Панама және Ресейде, Батыс Европаның бірқатар елдерінде болған. Бұл күндері тағдыр оны Астанаға ала келді және суретшінің Қазақстан жайлы бұған дейінгі түсінігін өзгертті.

  әрі...

Ашок САДЖАНХАР, Қазақстан Республикасының Үндістандағы Төтенше және Өкілетті елшісі  

Мен Алматы табиғатының сұлулығына таң қаламын, қарлы таулары, фонтанды және гүлзарлы саябақтары көз тартады. Алайда, күннен күнге гүлденіп келе жатқан Астанаға да тамсанамын. Қазақстанның елордасы арқылы біз елді заманауи, бірақ Азияға тән дәстүрлерін сақтай білген еуразиялық мемлекет ретінде танимыз.  әрі...

Райнер Шлагетер, Германия Федеративті республикасының Қазақстандағы елшісі

Қазақстан астанасына келгеніме бір жыл болды. Алғашқы алған әсерім жолдарда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары мен көлік кептелістерімен байланысты. Алайда, бүгінде, бұл келеңсіздіктердің бәрі де жойылды. Бүгінде біздің көз алдымызда – сұлу Астананың көркі. Бар келбеті ұсақ-түйек қиындықтарды білдірмей жібереді. 

  әрі...

«Астана – жапондық қала сияқты»

    Мәнерлеп сырғанаудан Еуропа чемпионы, фигуристер мен әртістердің «Звезды на льду» және «Ледниковый период» шоуын ұйымдастырушы Илья Авербух Астана мерейтойы туралы естіп, астаналықтарға жүрек жарды құттықтауын жолдады.    

  әрі...

Қазақстандағы төтенше және құзыретті Әзербайжан елшісі Лятиф Гандилов

«Жақында біз бірге Астананың 10 жылдығын атап өтеміз. Неге бірге? Өйткені 5 жыл өмірім осы қалада өтті. Бұл астанамыздың жарты жасы деуге болады.

Бұл аз ба, әлде көп пе? Тарих үшін бұл өте аз, бірақ айналаға қарасаң осы уақыт ішінде астаналықтардың қолымен қаншама істер атқарылған.  әрі...

Қазақстандағы төтенше және құзыретті Грузия елшісі Зураб Шургаия

«Құрметті астаналықтар!

ТМД елдер ішіндегі і екі астананың бірі, ең жас қаласы – Астана,және екінші көне қаласы – Тбилиси.

Қазақстан мен Грузия қалаларының бауырластығы қазақ және грузия халықтарының достығы мен бір-бірін түсінушілігінде негізделген.  әрі...

Голливудте қызмет атқаратын атақты грузин актері, режиссер и продюсер Левани Учаниешвили жақында Астана қаласында болып қайтқан:

«Құрметті астаналықтар! Қазақстанның жаңа астанасының әкімі Иманғали Тасмағамбетов мырза!

Ертегі,әрі фантастика деп, Қазақстанның жаңа астанасы жайлы өз көңілімді білдіргім келеді. 10 жыл ішінде кең далаға мұндай қала салу таңқаларлық жағдай!  әрі...

Ұлыбританияның Қазақстан мен Қырғызстандағы елшісі Пол Браммелл

Мен Қазақстан астанасының дамуы мен өсуінің куәсі болғаным үшін қуаныштымын. Бұл үдеріске Британияның да тікелей қатысып жатқаны көңіл жадыратады. 2006 жылы елшілік Алматыдан Астанаға көшкенде, ел өміріндегі өзгерісті ерекше сездім.  әрі...

Тересита Капоте Камачо, Кубаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі 

Биыл Қазақстан мен Куба арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 15 жыл толды. Бұл жылдары екі ел де үлкен істерді тындырды.   Біз қаншама дос таптық, олардың ішінде үкімет мүшелері, парламент депутаттары, әдебиет және өнер қайраткерлері, дәрігерлер, мұғалімдер, журналистер мен студенттер де бар. Ара-қашықтыққа қарамастан, екі еліміз жақсы көрші, ескі дос, қайырымды серіктес болып табылады. Өткен жылы қаншама маңызды оқиғалар болды. Соның арқасында екі ел арасындағы байланыс та нығайып, бұзылмас көпірге айналды.  әрі...

Қазақстандағы Нидерланд Корольдігінің елшісі Клаас ван дер Темпел

Астанаға алғаш рет келгенде, әлемде мұндай екінші қаланың жоқтығын түсінесің: бірегей сәулет, жазық дала, құбылмалы ауа райы.  Бір қызығы – қала сәулеті елорданың бейнесін ерекшелейді. Астана – Шығыс пен Батыстың, Еуропа мен Азияның көпірі іспеттес.  әрі...

Күнделік
2008 жылдың 18-20 шілде аралығында Астанада Қазақстан елордасының 10 жылдығына арналған Х дәстүрлі «Астана-2008» авторлық әндер Фестивалі болып өтеді. Ол ашық аспан астында Астана-Қарағанды трассасының 17-тасжолындағы «Причал» қонақ үйінің маңында орналасқан алаңда орын алады.  әрі...
Шілденің 17-19  аралығында Конгресс-Холл сарайында Корей киносының фестивалі болып өтеді.  әрі...

17 шілде күні Астана әкімдігінде әкім Иманғали Тасмағамбетов пен мэр О Се Хун басқарған Астана және Сеул бауырластық қалаларының өкілдері арасында келіссөз өтеді. Кездесу соңында қалалар арасында бауырластық  қатынастар орнату туралы меморандумды іске асыру жөніндегі келісімге қол қойылады деп күтілуде.

  әрі...
 

Жаңалықтар
Сессия отырысында Астана қаласының 2008 жылғы бюджетін нақтылау жөніндегі өзгерістер мақұлданды

Астана. 4 қараша. Сәрсенбі күні қалалық мәслихаттың кезектен тыс 26 сессиясының отырысы болып, онда Астана қаласының 2008 жылғы бюджетін нақтылау бойынша өзгерістер мақұлданды. Сессия отырысына Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов қатысты.

  әрі...
Астана қаласы «Есіл» ауданының әкімдігі өз жұмысына кірісті

Астана. 5 қараша. Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов 2008 жылдың 5 қарашасында «Есіл» ауданы әкімдігінің жұмысы басталғандығын хабарлады.

  әрі...
Елбасы ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысын өткізді

Астана. 5 қараша. Сәрсенбі күні мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысын өткізді. Отырыста мемлекеттік органдардың заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша атқарған жұмыстары қаралды.

  әрі...
 

Сын-пікір кітабы

Юрий Лужков, Мәскеу мэрі
«Астана – бастамасы ғана. Мен болашақ Қазақстанның динамизмін сеземін».

Франсуа Фийон,  Францияның премьер-министрі (Қазақстанға ресми сапары, 2008)
«Бүгінгі елордаларыңыз – ұлттарыңыздың еркіндігі, модернизациясы және мобилизациясының символы. Қазақстан экономикалық державаға айналуда».

Д. Коидзуми, Жапонияның премьер-министрі, Қазақстанға ресми сапары, 2006 жылғы сәуір (Бейбітшілік және келісім сарайына келуі – Жапониядағы ҚРЕ материалдарының негізінде)
«…менің ойымша, ол (Пирамида) әлемдік маңызы бар назар аударарлық ғимарат атануға лайық. Президент резиденциясы терезесінен Пирамида соншалықты үлкен көрінбейді. Енді, жанында тұрып, оның өлшемін бағалай аламын...»  

  әрі...
 

Бізді құттықтайды
Әділбек Жапақ
Құрметті жұртым! Байтағымыздың мерейтойы құтты болсын! Бірқатар елдің президенттері келіп, Қазақстанның қандай деңгейдегі ел екеніне көздерін жеткізіп кетті. Мерекелік концерт тамаша өтті. Әсіресе, Күлтегін бабамыздың өсиетін айтқан әдемі жарасым тапты. Тек аягына карап, койлегін сүйреткен Уитни Хюстанды әкелгендеріңіз не? Қаншама ақша кетті соған! Өзіміздің де таланаттар бар еді ғой  әрі...
ықтияр момынқұлов тұрсынбайұлы
еліміздің астанасы көркейе берсін. елбасының тұған күнімен сәйкес келуі жақсылықтың нышаны . аспанымыз ашық халқымыздың ұйқысы тыныш болсын, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына мықты денсаулық,алдағы уақытта елімізді жаңа табыстар мен үлкен асулардан алып шыға берсін.  әрі...
Abdulvahap Kara
Астана қаласы бүкіл дүниежүзінде әркімнін аузында. Бір қаланын бастан аяқ қайтадан заманауі сәулет өнерінің үздік үлгісімен бір қала салу ұшін азгантай уақыт болып саналатын он жылда салынуы әркімге таңдай қақтыруда. Өйткені, бұл, бұдан бұрын болған уақига емес. Ол ірі мәдениеттін, ірі қуаттын, күштін, көреген, алысты болжай білген ойдын туындысы. Ол көшпелі қазақ халқынын отырықшы мәдениетті жетік меңгергендігінің айғағы, ол қазақ мемлекеттігінің әлемдегі 223 мемлекеттің әшейін ғана бірі емес екендігінін айғағы. Әлбетте қазақелі әлемнің қайсы бір жерінде орналасқан қайсы бір ел емес. Ол өзіндік тарихы, мәдениеті, миссиясы бар ел. Ол ескі мен жананы, көшпелі мәдениет пен отырықшы мәдениетті, дала мәдениеті мен қала мәдениетін бірдей бойына сіңірген сондай-ақ кәрі құрылық пен жас құрылықта, атап айтқанда Азия мен Еуропада орналасқан екі дүниені, яғный Шығыс пен Батысты әрі материялдық жақтан, әрі рухани жақтан бірбіріне жалғайтын көпір сияқті бірден бір ел. Елі де, халқы да жағрапиясы сияқты өзімен бірге өзгелерді бірбіріне жалғайтын бауырлас, меймандос, бейбітшіл мінезімен адам мен адамдарды, мемлекет пен мемлекеттерді, ел мен елдерді бірбіріне қосатын, сөйтіп ХХІ ғасырдағы жаһандану үрдісінің позитифті дамуына әсер ететін тамаша ел. Міне мұның барлығын Астана қаласының болмысы көз алдымызда елестетіп отыр. Ол Қазақ халқының, қазақелі  әрі...
 

 
       
 
Ең бастысы | Жаңалықтар | Астана анықтамалығы | Әкімдік анықтамалығы | Астана Радиосы
Фотогалерея | Байланыстар | Пайдалану шарттары
Бас Редакторы Аспандиярова А., Администраторы Баймаханов М.      © Astana 2008. All Rights Reserved